Маңғыстау облысы бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының филиалы 2023 жылдың 15 желтоқсанында сағат 11.00 "Ашық есік күнін" өткізеді.
Бұл іс-шараның мақсаты халықты міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі, әлеуметтік аударымдарды аудару, әлеуметтік төлемдерді тағайындау және әлеуметтік төлемдердің түрлерімен, Әлеуметтік Кодекс аясында енгізілген өзгерістермен таныстыру болып табылады.
Мекен-жай: Ақтау қаласы, 16-ш/а, 22/1-ғимарат, «Несібек-Нұр» бизнес орталығы, 5-қабат, мәжіліс залы.
Филиал директоры У.Уркумбаев